USD
USD
USD

Маңғыстау облысында 9 әскери қызметші суға кетіп қаза болды, тағы бірнеше адам іздестірілуде

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, қайғылы жағдай 24 қыркүйек күні Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болған.

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті
Фото: Қорғаныс министрлігі

Астана, NEGE. Ведомство ақпаратынша, Каспий теңізінің жағалауындағы оқу-жаттығу кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейіп, әскери қызметшілерді теңізге алып кеткен. Салдарынан 19 әскери қызметші суға кеткен. Министрлік өкілдері тоғыз әскери қызметшінің қайтыс болғанын ресми растады. Үш әскери қызметші құтқарылып, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды.

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Қаза болғандардың отбасыларына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі», – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Оқиғаның мән-жайын анықтап, іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін оқиға орнына қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы шұғыл аттанды.

Қазіргі уақытта Әскери-теңіз күштері мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, авиация және басқа да тиісті қызметтер қалған әскери қызметшілерді іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті