USD
USD
USD

Маңғыстау облысында 50 жолаушы мінген автобус аударылып, 4 адам қаза тапты

Жол апаты 16 қаңтарға қараған түні болған.  

Көлік министрлігі
Фото: Көлік министрлігі

Астана, NEGE. Шамамен түнгі сағат 01:03-те KZ-11 «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автомобиль жолының 383-шақырымында Yutong маркалы жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, – деп хабарлады Көлік министрлігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, Ақтау қаласынан Бейнеу ауылы бағытында келе жатқан автокөлік жүргізушісі көлікті басқара алмай, автобус аударылып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт жолаушы қаза тауып, үш адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді. Автобуста барлығы 50 адам болған.

Жол-көлік оқиғасы кезінде көлік құралын 1985 жылы туған жүргізуші басқарған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші жол-көлік оқиғасы болған жерден шамамен 200 км бұрын ауысқан», – делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Маңғыстау облыстық полиция департаменті мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу шараларын жүргізуде.

Министрлік мәліметінше, автобус 2025 жылдың 19 желтоқсанында техникалық тексеруден өткен және «CASPIAN TRANS CORPORATION» LLC компаниясында тіркелген. Ал жол-көлік оқиғасы тіркелген автожол учаскесі техникалық II санатқа жатады, жол жамылғысында ақаулар анықталмаған. Жол белгілері бекітілген дислокацияға сәйкес толық көлемде орнатылған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан