USD
USD
USD

Маңғыстау облысында 17 жастағы оқушы кісі қолынан қаза тапты

Қайғылы оқиға Бейнеу ауданында болған. Сағындық есімді 11-сынып оқушысы достарымен серуенге кетіп, белгісіз жағдайда қаза тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Марқұмның туыстары Сағындықтың кісі қолынан мерт болғанына сенімді. Себебі олар бозбаланың денесінен ұрып-соғу белгілеріне ұқсас дақтарды көріп, Ақтау қаласына сараптамаға әкелген. Ал марқұмның достары ауылда «старшактар» бар екенін мойындаған. Олардың айтуынша, сол күні «старшактар» бұларды қатарға тұрғызып, кезек-кезек ұрған. 17 жастағы Сағындық сол кезде жерге құлап түсіпті. Достары оны дәрігерге апарған. Медицина маманы оның қайтыс болғанын растаған.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы оқиға қатысы бар күдікті ұсталған.

«Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді. Оның соңы адам өліміне әкеп соқты деген дерекпен (ҚР ҚК 196-бабының 3-бөлігі) күдікті ұсталды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қайтыс болған оқушы – ата-анасының жалғыз ұлы. Марқұм биыл 11-сыныпты бітіріп, химия – биология бағыты бойынша жоғары оқу орнына түсуге дайындалып жүрген екен.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Алматы полициясы экс-басшысының жүргізушісі сотқа тартылды

сот тыңдауы

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін мұғалімдер ата-аналар чатындағы сұрақтарға жауап беруден бас тарта ала ма?

Атаналар чаты

Қаржы сарапшысы: Базалық мөлшерлеме – нарықтағы ақшаның құны

Әсел Әуелбекова

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз