USD
USD
USD

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде үшінші орын алды

Қытайдың Чунцин қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңі аяқталды.

Шайдоров
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Турнир аясында ерлер арасындағы жекелей сырғанауда Михаил Шайдоров ел намысын қорғады.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері қысқа бағдарламада үшінші орын иеленген болатын. Еркін бағдарламада да қазақстандық спортшы үшінші нәтиже көрсетті.

Қорытынды есеп бойынша Шайдоров Қытайдағы жарыста 262.67 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алды.

Бірінші орынды жапон спортшысы Шун Сато (278.12) иеленсе, күміс жүлде италиялық Даниэль Грасльға (269.43) бұйырды.

Қазір оқып жатыр

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу

Азиада алтынынан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тарту етілді

Ясмина Тоқсанбаева

Тоқаев «күйсандық», «қылтима» сөздерінің қазақша аудармасына күмән келтірді

Тоқаев