USD
USD
USD

Манекенді «тонап» кетті

Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері сауда орнындағы киімді манекеннен шешіп алып, ұрлап кеткен 33 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Манекенді «тонап» кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, киім сататын дүкеннің өкілдері ұрлық туралы тәртіп сақшыларына хабар берген. «Белгісіз ер адам дүкеннің тұсынан өтіп бара жатып, білдірмей келіп, манекеннен ер адамның күртесін, шалбары мен жейдесін алып кеткен. Сауда иесіне 28 500 теңге шығын келген», - деп хабарлайды полиция департаментінен. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ол - бұрын ұрлығы үшін сотты болған және жұмыс істемейтін 33 жастағы ер адам болып шықты. Полиция бөліміне жеткізілген күдікті айыбын мойындаған. Дүкеннен ұрлаған киімдерін ол сатып үлгеріпті. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Ұсталған азаматтың бұрын да осыған ұқсас қылмыстарға бар-жоғы анықталуда.

Қазір оқып жатыр

Путин Еуропаға және тұтас әлемге оңтайлы саяси тұлға – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль