USD
USD
USD

«Манчестер Юнайтед» бас бапкерсіз қалды

Уле-Гуннар Сульшер қызметінен кетті. Бұл туралы «Манчестер Юнайтед» клубының ресми сайты хабарлады. 

«Манчестер Юнайтед» бас бапкерсіз қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Енді команданың бас бапкері қызметін уақытша Майкл Кэррик атқарады. Дегенмен, клуб басшылығы "Қызыл сойқандармен" осы маусымның соңына дейін ғана жұмыс істейтін тәжірибелі жаттықтырушы табуды жоспарлап отыр.

Еске салайық, Сульшер "Манчестер Юнайтед" клубын 2018 жылы қабылдаған болатын. Норвегиялық маманның жетекшілігімен клуб өткен маусымда Еуропа лигасының финалына дейін жетіп, «Вильярреалға» жол берді.

Ал Англия премьер-лигасының биылғы маусымында 12 ойын өткізіп, 17 ұпай жинады. Қазір турнирлік кестеде 7 орында тұр.

Қазір оқып жатыр

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық