USD
USD
USD

«Манчестер Сити» «Реал Мадридтен» басым түсті

  Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалында алғашқы ойын өткізілді. 

«Манчестер Сити» «Реал Мадридтен» басым түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алғашқы ойында «Манчестер Сити» (Англия) және «Реал Мадрид» командалары кездесті. Мамандар ағылшындық клубтың басымдығына алдын-ала болжам жасаған еді. Дегенмен ойын барысында командалар бір-біріне лайықты қарсылық көрсетті. Алдымен «Манчестер Сити» сапынан Кевин Де Брёйне 2, Габриэль Жезус 11-минуттарда мергендік танытса, оған испандық клубтан Карим Бензема 33-минутта бір голмен жауап қайырды. Екінші кезеңде алаң иелері сапынан Фил Фоден 53, Бернарду Силва 74-минуттарда гол соқты. Ал «Реал Мадрид» қатарынан Винисиус Жуниор 55, Карим Бензема 82-минуттарда екі голдың авторы атанды. Осылайша, «Манчестер Сити» қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсті. Айта кетерлігі, екі команда арасындағы соңғы үш кездесуде «Манчестер Сити» қатарынан үш мәрте жеңіске жетті. Испандық клуб оларды 2016 жылдың 4 мамырында 1:0 есебімен тізе бүктірген еді. Екі команданың қарымта ойыны 4 мамырға белгіленген. Сондай-ақ, жартылай финалда бүгін, 27 сәуірде «Ливерпуль» (Англия) және «Вильярреал» (Испания) шеберлік байқасады.

Қазір оқып жатыр

Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

Alatau City

«Балаңыз қатты дуаланған»: полиция алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті

алаяқтық

Қазақстан бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялады

Халықаралық планетаны көгалдандыру күні

Porsche көлігімен сағатына 197 шақырым жылдамдықпен жүрген астаналық 10 тәулікке қамалды

жылдамдықты асыру