USD
USD
USD

МӘМС: жыл басынан бері 12 мың қымбат операция жасалды 

  Жыл басынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы 12 мыңнан астам қымбат операция жасалған.

МӘМС: жыл басынан бері 12 мың қымбат операция жасалды 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айдын Ашуев айтты. «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 7 мың эко-рәсімнің 4 мыңға жуық репродуктивті қызметі қаржыландырылды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 40%. Бірақ қазір медициналық көмекті ұйымдастыру, шынайы ақпарат бермеу, науқастарды қате бағыттау бойынша бірқатар мәселе барын жасырмады спикерлер. Мәселен, 8 айда жүйе көмегімен медициналық қызмет алғандар туралы 28 мың жалған ақпарат тіркелген. Ондай мекемелер көрсетілмеген қызмет үшін алған қаражаттың 300 процент көлемінде айыппұлын төлейді.

Айдын Ашуев, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы:

– Медициналық ұйымдардағы қызмет сапасы мен көлеміне қатысты жүргізілген мониторинг нәтижесінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары құны 11 млрд 800 млн теңгеге тең 882 мыңнан астам кемшілікті анықтады. 2022 жылдың 7 айының қорытындысы осындай.   

Қазір оқып жатыр

32 мың теңге беріп, 752 мың теңге талап еткен: депутат заңсыз несие берушілерді бақылауға шақырды

несие алу

Депутат туысының бизнесіне қатысты заңға дауыс бере ала ма?

Құрылтай брифингі

Фельдшер қазасы: Астанада қасбеті құлаған үйдің бұрынғы басқарушыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ұлдана Мырзуан өлімі бойынша сот отырысы

Алматыда аялдамада тұрған зейнеткерді аяусыз ұрып-соққан ер адамға үкім шықты

Аялдамада соққыға жыққан