USD
USD
USD

МӘМС: ЭЭГ тегін

МӘМС жүйесі енгізілгелі бері КТ, МРТ, жоғары технологиялық медициналық, консультациялық-диагностикалық қызметтерді алу мүмкіндігі артты.

МӘМС: ЭЭГ тегін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Сол секілді ЭЭГ мониторингтен де МӘМС аясында жолдама арқылы тегін тексеруден өтуге болады. Бұны 1000-ға жуық пациент МӘМС аясында ЭЭГ мониторинг тексеруден тегін өткен «Жанұя» жекеменшік клиникасы мысалынан көруге болады» - дейді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Бәрімізге белгілі, 2020 жылғы 1 қаңтардан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі жүзеге асырыла бастады.

МӘМС жүйесі жарна мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған адамдарға қызметтер пакеті теңдей қолжетімді болуына негізделген.

Яғни, мүмкіндігіне қарай төлем жасаған әр азамат қажетіне қарай, МӘМС бойынша көмек алу үшін жүгінген кезде ем алады, медициналық қызметтердің көлемі мен құны шектелмейді.

Барлық медициналық қызметтерді мемлекеттік және жекеменшік клиникаларда алуға болады.

Тек бір ғана шарт – медициналық ұйым ӘМСҚ дерекқорында болуы және әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша қызметтер көрсетуі тиіс.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy