USD
USD
USD

МӘМС қаржысын жымқыру: Павлодарда гинеколог ер адамдарды «емдеген»

Павлодар қаласында медициналық мекемелерді тексеру кезінде МӘМС аясында жалған қызмет көрсету фактілері  анықталды. 

МӘМС
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Прокуратура мәліметінше, невропатолог, кардиолог, хирург, психолог және басқа да тар бейінді мамандар қайтыс болған адамдарды «қабылдаған», ал акушер-гинеколог дәрігерлер ер адамдарға «консультация берген».

«Емдеу қызметтерін қайталау арқылы екі мәрте төлем жасау жағдайлары тіркелді», – делінген прокуратура хабарламасында.

Бұған қоса тұрғындарға арнайы сертификаты жоқ адамдар медициналық көмек көрсеткені анықталған. Нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 100 млн теңгеден астам шығын келді.

Прокурорлар бұл деректер бойынша рұқсат беру құжаттарын қайта қарау және кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті