USD
USD
USD

МӘМС қаражатын жымқыру ісі: күдіктінің Испаниядағы зәулім үйіне бұғат салынды

Астанада екі жекеменшік клиниканың басшысына қатысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеті жүріп жатыр, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Қаржылық мониторинг агенттігі
Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

Астана, NEGE. Тергеу материалдарына сәйкес, 2022 жылы Қор мен клиникалар арасында жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеге медициналық қызметтер көрсету туралы шарттар жасалған, оның ішінде жылжымалы медициналық пойыз қызметтері де қамтылған.

«Клиникалар басшысы алаяқтық схема ұйымдастырып, медициналық көмекті іс жүзінде алмаған пациенттер туралы ақпараттық жүйеге көрінеу жалған мәліметтер енгізген. Атап айтқанда, жалған диагноздар мен көрсетілмеген қызметтер тіркелген», – делінген ресми ақпаратта.

Күн сайын жалған түрде тіркелетін пациенттер саны 90-нан 150 адамға дейін жеткен. Нәтижесінде клиникалар нақты көрсетілмеген медициналық қызметтер үшін Қор қаражатынан заңсыз түрде 682 млн теңге алған.

«2024 жылдың қаңтар айында қылмыстық жолмен алынған табыстың бір бөлігі – 364 млн теңге клиникалар басшысы мен оның жұбайының жеке есепшоттарына аударылған», – дейді ҚМА өкілдері.

Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен оның мүлкіне: Испаниядағы қала сыртындағы үйге, Астана қаласындағы пәтерге, сондай-ақ автокөлікке бұғат салынды.

Қазір оқып жатыр

32 мың теңге беріп, 752 мың теңге талап еткен: депутат заңсыз несие берушілерді бақылауға шақырды

несие алу

Депутат туысының бизнесіне қатысты заңға дауыс бере ала ма?

Құрылтай брифингі

Фельдшер қазасы: Астанада қасбеті құлаған үйдің бұрынғы басқарушыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ұлдана Мырзуан өлімі бойынша сот отырысы

Алматыда аялдамада тұрған зейнеткерді аяусыз ұрып-соққан ер адамға үкім шықты

Аялдамада соққыға жыққан