USD
USD
USD

Мамыр айына дейін барлық ересек адамдарды вакциналау тапсырылды

АҚШ-тағы төтенше жағдайдың жарияланғанына наурыз айында бір жыл толды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамыр айына дейін барлық ересек адамдарды вакциналау тапсырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осы уақыт аралығында америкалықтардың 30 миллионға жуығы ковид індетін жұқтырып, 540 мыңнан астамы қайтыс болды. Елдің үкіметі жағдайды жақсарту үшін вакцина салдырудағы шектеулерді барынша жеңілдету қажет екенін айтады. Осы аптадан бастап АҚШ-тың бірнеше штатында ковид-19 вакцинасын 16 жасқа толған кез келген ересек американдық ала алады.

Бұл тізімге бүгін Техас, Индиана, және Джорджия штаттары да қосылды. Айта кетейік, 16-ға толғандарға әзірге тек Phfizer Biontech компаниясының екпесі ғана егіледі. Ал Moderna және Johnson & Johnson вакциналары болса тек 18 жасқа толғандарға ғана рұқсат. Мамандардың айтуынша, ковид екпесінің барынша қолжетімді болуы вакциналау науқанының қарқынын арттыра түсері анық. Естеріңізге салайық, ел президенті Джо Байден мамыр

– Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бізге қажетті вакцинаның қорын қалыптастыра білдік. Демек мамырға дейін барлық ересек американдық тегін екпе алуы тиіс деген сөз. Күн сайын өндіріліп жатқан екпелерді тиісті мамандардың көмегімен халыққа жеткізіп, салдыруды қолға алдық. Осы қарқыннан таймай жұмыс істесек, шілденің басына дейін жақындарымызбен бас қосып, тәуелсіздік күнін барлығымыз бірге атап өте аламыз деген үміттемін, - дейді Байден.

Президент Байденнің сөзіне қарамастан, кейбір штаттардағы американдықтар вакцина алуға асықпайды. Бір ғана Солтүстік Каролинаның өзінде өткен аптада мыңдаған халық екпе алудан бас тартыпты. Одан бөлек, кейбір штаттарда вакцина салатын мамандардың тапшылығы байқалуда. Вакцинаны қажетті жерлерге жеткізудегі олқылықтар тағы бар. 

Қазір оқып жатыр

Панда-бонд арзан ақша ма, әлде жасырын тәуекел ме?

панда

Өскемендегі «Казцинк» зауыты аумағындағы жарылыс: 4 адам ауруханаға жеткізілді

Нұрымбет Сақтағанов

Өскеменде зауыт аумағында жарылыс болды

Өскемендегі жарылыс

Жаңбырдан кейін су басқан Алматы әуежайына айыппұл салынды

Алматы әуежайы