USD
USD
USD

Маминнің кеңсесі 167 млн теңгеге көліктер сатып алмақ

Соңғы кездері ерінбегеннің бәрі сынап жүрген Премьер-министр Асқар Маминнің кеңсесі мемлекеттік сатып алу порталы арқылы «167 млн теңгеге көліктер сатып аламыз» деп жар салып, лот жариялады.

Маминнің кеңсесі 167 млн теңгеге көліктер сатып алмақ
Фото: NEGE.kz

«Тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңсесі. Атауы: транспорт бойынша қызмет көрсету, қызметтік автотранспорт; қосымша мінездеме – Нұр-Сұлтан қаласы бойынша автотранспорт қызметі; жоспарлы сома – 166 964 285, 71 теңге», – делінген лотта.

Конкурсөа қатысуға алдын ала өтінім қабылдау 27 қазанда басталған, енді 17 қарашаға дейін жалғасады.

Үкіметтегі жекелеген шенеуніктерді таситын саны 11-ден кем емес көліктердің шығарылған жылы 2009-дан бері, двигателінің қуаты – 2300 см3, шанағы седан болуы шарт.

Қонақтарды таситын 14 көлік пен үкімет қызметкерлеріне арналған 3 көліктің де шарттары бар.

Қысқасы, «қашақ» Мамин онсыз да қиын-қыстау кезде Сіз бен біздің салығымыздан жиналған 167 млн бюджет теңгесіне қолынан көп ештеңе келмейтін қызметкерлеріне жайлы көлік сатып алып бермек...

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова