USD
USD
USD

Мамин: Санитарлық қауіпсіздік қатаң сақталса, карантин режимі жеңілдетіледі

Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік режимге өзгерістер енгізу және біртіндеп жеңілдету туралы тиісті шешімдер қабылданады.

Мамин: Санитарлық қауіпсіздік қатаң сақталса, карантин режимі жеңілдетіледі
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында мәлімдеді. «20 сәуірден бастап, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантиндік режим жеңілдетілді. Санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, экономиканың бірқатар саласындағы кәсіпорындар жұмысын бастады. Соның ішінде құрылыс, өнеркәсіп және қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындар.

Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік режимге өзгерістер енгізу және біртіндеп жеңілдету туралы тиісті шешім қабылданатын болады. Басқа да кәсіпорындар мен бизнес субъектілеріне жұмысын жалғастыруға рұқсат берілетін болады. Мұндай жұмыс еліміздің басқа да өңірлерінде жүргізіледі. Дегенмен, бұл санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік қатаң сақталған жағдайда ғана мүмкін болады. Елжан Амантайұлы, мәселені қатаң бақылауда ұстаңыз», - деді Премьер-Министр Үкіметтің онлайн отырысында.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмысын бастайтын кәсіпкерлік субъектілердің тізімін бекітті. Тізімде өнеркәсіптік кәсіпорындар, құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері, көлік, қойма компаниялары, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар, автосалондар, ТҚС, автожуу, дөңгелек ауыстыру сервисі, автобөлшектер дүкендері, химиялық тазалау, кеңсе техникасын жөндеу және екінші деңгейлі банктер бар.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.