USD
USD
USD

Мамин осы аптада не бітірді?

Сейсенбі күні ҚР Үкіметінің кезекті отырысында жұмыспен қамту мәселелері және балық саласын дамыту перспективалары қаралды.

Мамин осы аптада не бітірді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірінші мәселені қарау барысында Асқар Мамин Электрондық еңбек биржасының бизнес-процестерін оңтайландыру, жұмыспен қамту шараларымен проактивті қамтуды дамыту және оларды іске асыру мониторингін күшейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Екінші мәселе бойынша Үкімет басшысы биылғы 1 қарашаға дейін нақты индикаторлар мен іс-шараларды көрсете отырып, балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеп, бекітуді тапсырды. Сәрсенбі күні ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барып, онда өңірдің фармацевтика саласының дамуымен танысты, инфрақұрылымдық нысандарды аралап, республикалық кеңес өткізді. Бейсенбі күні ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен «100 нақты қадам» ұлт жоспарын сапалы орындауға бағытталған Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасының қатысушыларымен кеңес өтті. Асқар Мамин Үкімет мүшелеріне өздерінің салалық командаларымен тұрақты жұмыс кездесулерін өткізуге ерекше назар аударуды және алға қойылған міндеттерді іске асыруға қажетті жәрдем көрсетуді тапсырды. Жұма күні Үкімет басшысы «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Д. Рогозинмен кездесу өткізді. Екі тарап ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағын одан әрі дамыту мен Жерді қашықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимылды талқылады.

Қазір оқып жатыр

ТЖМ-нің жоғары лауазымды қызметкері түнде шу шығарды ма: Полиция не дейді?

Ерлан Төрегелдиев

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған таксист 10 тәулікке қамалды

Жүргізуші

Түркістан облысында зейнеткердің үйін жөндеп бермек болған еріктілер шатырдан 5 млн теңге тауып алды

Ақша

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы