USD
USD
USD

Мамин өңір әкімдеріне тапсырма берді

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңірлер әкімдерінің алдында көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізу міндет тұр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.

Мамин өңір әкімдеріне тапсырма берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Көктемгі егіс жұмыстарын сапалы әрі уақтылы жүргізу елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі болып табылады. Былтыр пандемияға қарамастан егіс жұмыстары өте жоғары деңгейде жүргізілді. Агротехнологиялар дәл сақталып, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдары уақтылы салынды. Бұл мол астық жинауға мүмкіндік берді», - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, биыл Үкімет көктемгі егісті қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шешімдерді қабылдады. Бюджеттік кредит берумен қатар биылғы жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген қаражаттың көлемі 24,5 млрд теңгеден 45,3 млрд теңгеге дейін артты.

«Сондықтан осы механизмді пайдалана отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуға ерекше назар аудару керек. Жалпы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңірлер әкімдерінің алдында барлық көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізу бойынша нақты міндет тұр. Осы мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын. Экология министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, республиканың оңтүстік өңірлерінде, оның ішінде ұзақ мерзімді перспективада суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын», - деді Асқар Мамин.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Автосақтандыру

Тоқаев Президент Әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебайдың жұмысына баға берді

Айбек Дәдебай

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Қазмырыш

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді

жолдағы жылдамдық