Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мамин мониторинг топтардың жұмысын сынға алды

Үкімет басшысы, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы Асқар Мамин мониторинг топтардың жұмысын сынға алды.

Мамин мониторинг топтардың жұмысын сынға алды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Селекторлық отырысы кезінде сөз алған Асқар Мамин шектеу шараларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі мониторингтік топтардың жұмыс тиімділігінің төмендігін, азаматтардың карантин режимін және бизнес субъектілерінің санитарлық талаптарды сақтауды қамтамасыз ету, байланыста болған адамдар мен науқастарды қадағалау жөніндегі жұмыстың нашар жүріп жатқанын атап өтті. Отырыс кезінде мектеп оқушылары екінші тоқсанда мектепке барып оқиды. Ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады. Бірақ бұл барлық бала мектепке барады деген сөз емес. Тек 300 балаға арналған білім ошақтары жұмысын бастайды. Ал қалған мектептерде кезекші топтар ғана жұмыс істейді. Одан бөлек, комиссия театрлар мен мешіттердің жұмыс істеуіне рұқсат берді. Бірақ адам саны шектеулі болуы тиіс. Санитарлық талаптарды сақтамай жатқан орындар түгел жабылсын деген тапсырма берілді.

Қазір оқып жатыр

Партиялар сайлаушыларға қандай уәде берді

.

Көрерменге кімнің сөзі өтімді болды? Теледебаттағы дауыс беру қорытындысы шықты

.

«Экономикалық романтиктер»: Respublica ЖСДП-ның сынына жауап берді

.

eGov-тағы 15 млн адамның дерегі darknet-ке тарады ма? Министрлік жауап берді

Комп