Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мамин: Қазақстан өзін астықпен толық қамтамасыз етеді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин биылғы егін ору жұмыстары жөнінде Үкімет отырысын өткізді. 

Мамин: Қазақстан өзін астықпен толық қамтамасыз етеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта барлық өңірлер жаппай егін жинауға кірісті. Негізгі астық егетін өңірлерде ауа райы жаздың ортасында құрғақ болса, қазір – тұрақсыз. Сондықтан өнімді жинап алумен қатар, жұмысты барынша төмен шығынмен орындап үлгеру маңызды», - деді Премьер-Министр бүгінгі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Үкімет тарапынан егін жинау жұмыстарын қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті шешімдер қабылданды. Жалпы, барлық қабылданған шаралар есебінен биылғы астықтың болжамды жалпы жиналымы 18 млн тонна деңгейінде жоспарланып отыр.

«Қазақстан өзін астықпен толық қамтамасыз етеді. Экспорт әлеуеті де жақсы болады. Қомақты ресурстық базасы мен географиялық жағынан аса ірі өткізу нарықтарының ортасында ыңғайлы орналасуы отандық агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін және Қазақстанның әлемдік азық-түлік хабына айналуына жағдай жасайды. Тауарлар мен қызмет нарығындағы күрделі жағдайды ескергеннің өзінде, нарықтағы астық пен басқа да азық-түлік өнімі бағасының серпіні тұрақты, тіпті оң болып табылады. Сондықтан біз агроөнеркәсіптік кешенді орта және ұзақ мерзімді перспективада экономиканың негізгі локомотивтерінің бірі ретінде көреміз», - деді Асқар Мамин.

Бұған дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Төтенше жағдай мен карантин режиміне қарамастан, егін жинау қарқыны артқанын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант