USD
USD
USD

Мамин ЕҮАК кезектен тыс отырысына қатысты

 Премьер-министрі Асқар Мамин бейнеконференция байланысы режимінде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) кезектен тыс отырысына қатысты, деп хабарлайды primeminister.kz

Мамин ЕҮАК кезектен тыс отырысына қатысты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Отырысқа қатысушылар Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының жобасына дайындық барысын, оның ішінде ЕАЭО ортақ нарығында газды тасымалдау қызметінің бағасын (тарифін) белгілеу тәсілдерін, халықаралық автокөлік тасымалдарын кезең-кезеңімен ырықтандыру, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикалық дамуына нысаналы ықпал етудің икемді тетіктерін әзірлеу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қарады.

Сонымен қатар отырысқа Ресей Федерациясының премьер-министрі Михаил Мишустин, Беларусь премьер-министрі Сергей Румас, Қырғызстан премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев, Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинян және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев