USD
USD
USD

Мамин ескерту жасады

Әкімдер бағаның өсу мәселесін ерекше бақылауда ұстауы тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты. 

Мамин ескерту жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Былтыр қараша айында бағаларды тұрақтандыру жұмысында жіберген кемшіліктері үшін өңір әкімдерінің біраз орынбасары жауапқа тартылған болатын. Қабылданған шаралардың нәтижесінде желтоқсан айында әкімдіктер бағаны ұстап тұру бойынша жақсы өзерістерге қол жеткізді. Мысалы былтырғы қарашада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 1,1 пайызға өссе, желтоқсанда бұл өсім бар болғаны 0,1 пайызды көрсетті», – деді Премьер-Министр.

Оның атап өтуінше, мұның өзі осы бағыттағы жұмысты жалғастыру үшін өңірлерде қажетті қордың бар екенін көрсетеді.

«Дегенмен, қаңтардың соңында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы 0,3 пайызға өскенін көріп отырмыз. Әкімдер бағаның өсу мәселесін ерекше бақылауда ұстап, ол өзгерген жағдайда жедел шараларды қабылдауы тиіс екенін ескертемін», – деді Асқар Мамин.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жергілікті полиция қызметіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді

ұрлық

Бапи, Мусин, Мүтәліп: Қазақстан Халық кеңесі құрамына кімдер кірді?

Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Шахмұрат Мүтәліп

300-ге жуық үлескер зардап шекті: Астанада «Mardan» тұрғын үй кешеніне қатысты іс сотқа жолданды

«Mardan» тұрғын үй кешені үлескерлерінің қылмыстық ісі

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин