11 Мамыр 15:45
...

Мамин дәуірі аяқталды. Айдын Рахымбаев НЕГЕ тықырши бастады?

Фото:

BI Group холдингінің ковидті госпитальдар мен BINOM мектептерін салу барысында мемлекет қаржысын талан-таражға салғаны анықталса, оның қожайыны Айдын Рахымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалмақ.

Әзірге, Айдын Рахымбаев Forbes-тегі қазақстандық байлар тізімінде 17-орынға көтеріліп отыр. Бірақ, мұның барлығы уақытша.

Nege.kz дереккөзінің мәліметінше, енді мемлекет инфекциялық модульді госпитальдар салу мен BINOM мектептерін тұрғызу бойынша бюджет қаржысының оңды жұмсалуын тексеруді қайтадан қолға алмақ. «Қаңтар оқиғасының» арқасында құзырлы тергеу орындарының басшылары ауысқаннан кейін, бұл істі қайта қарау қажеттілігі туындап отыр.

Себебі, сарапшылардың сөзінше, 2021 жылы Назарбаев кланының ықпалымен Айдын Рахымбаевқа құзырлы тергеу органдары оң көзбен қарап, «модульді госпитальдарды салу кезінде заң бұзушылықтар анықталған жоқ» деген шешім шығарып берген болатын.

Өзіне қатысты әңгімелер, әсіресе коммунистердің депутаттық сауалынан кейін, Айдын Рахымбаев Тимур Балымбетовтің ютуб-каналына тапсырыспен сұхбат беріп, өзін Назарбаевтың кланынан толық адақтап алуға тырысып бақты. Және осы видеоны насихаттау үшін Nege.kz порталына да жарнама бергісі келді.

Nege.kz Рахымбаевтың мұндай популизмін қолдаудан бас тартты. Себебі, біздің дереккөз ақпаратына сай, изоляторда отырған Қайрат Боранбаевтың тергеу кезінде берген біраз мәліметтері Бауыржан Байбекке іздеу жариялап (Қазақстан аумағынан тысқары жерде), Айдын Рахымбаевтың «ұйқысын қашыруға» толық негіз болуы мүмкін.

BI Group өзінің аудиттелген есебін ашық жариялаған жоқ. Оның себебі түсініксіз. Сондықтан, тек оның сайтындағы ақпаратқа жүгінуге тура келеді. Ондағы ақпаратқа сай, 2021 жылы BI Group 47 миллиард теңге салық төлеген. Бірақ бұл ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитеті арқылы растау үшін, Nege.kz комитетке сауал жолдайтын болады.

Айдын Рахымбаевтың фейсбук аккаунтында госпитальдарға қатысты ашық есеп – «оpen book» жариялаймын деп уәде бергеніне 2 жыл өтті. Алайда, ол есеп жұртшылыққа таныстырылмады. Сонымен бірге, Рахымбаев BI Group қызметі бойынша аудиторлық тексеріс өткенін жазса да, ол есепті ашық жарияламай отыр. НЕГЕ?

Бір нәрсе анық. Егер BI Group-тың алып құрылыс компанияны мемлекет есебінен құрып алғаны дәлелденсе, онда холдинг акцияларының қомақты бөлігі мемлекет есебіне қайтуы тиіс. Ал Айдын Рахымбатевтың барлық байлығы жіті тексеріліп, оның ішінен табылған заңсыз капиталдар «Қазақстан халқына» қорына аударылуы қажет.

Тегтер: