USD
USD
USD

Мамания мектебі қайта қалпына келуі мүмкін

Депутат Бақытжан Жұмағұлов ҚР Парламент Сенатының жалпы отырысында Жетісудағы «Мамания» мектеп-медресесін қалпына келтіру қажеттігі туралы мәселе көтерді.

Мамания мектебі қайта қалпына келуі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сенатор Бақытжан депутаттық сауалын ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдады.

Оның айтуынша, «Мамания» – Жетісу өңіріндегі алғашқы білім беру орталықтарының бірі. Мектеп-медресе 1899 жылы ашылған, бүгінгі таңда оның тек іргетасы ғана қалған. Бақытжан Жұмағұлов осындай құнды тарихи ескерткішті қалпына келтіру өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді дамыту үшін маңызды деп санайды.

«Мамания мектеп медресесін қайта қалпына келтіріп, мемориалдық үйге, әрі тарихи этнографиялық музейге айналдырған жөн. Сонымен қатар, жақсының тұяғы болған бүкіл Маман ұрпақтарына, сол жерден білімнің нәрін алып, оқыған ұлтымыздың ұлы тұлғаларына арналған шәкірттер аллеясын жасауды ұсынамын. Бұл ретте, Мамания мектебін қайта қалпына келтіру жастарды патриотизмге, ұлттық руханиятты сүюге ықпал ететін игі іс болады деп ойлаймын», – деді Бақытжан Жұмағұлов.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп