USD
USD
USD

Мамандар ақбөкеннің неден қырылғанын анықтай алмады

БҚО-да желіде тараған ақбөкендердің өлексесі тұрғындарды шошытты.

Батыс Қазақстан облысы
Фото: news.myseldon.com

Алматы, NEGE. Жануарлар елді мекендерге жақын жерде жүретіндіктен халық олардың өлекселерінен инфекция, ауру тарай ма деп қорқатындарын жеткізді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Өңір тұрғындары бұрын қауіпті инфекциядан мыңдаған ақбөкеннің өлгенін ескеріп, алаңдаушылық танытып жатыр. Алайда мамандар бұл аймақта ақбөкендердің көп мөлшерде қырылмағанын жеткізді. Айтуларынша, олардың ішінде тірілері де бар. Көп ақбөкен жерде жатып қалған. Денелерінде құрысулар болып, қатты демалып, тұра алмай жатқан көрінеді.

Мамандар сол жерге барып, әзірге тек 7 өлексе тапқан. Алайда олардың неден өлгенін анықтау мүмкін болмапты. Бірақ инспекторлар алаңдауға негіз жоқ екеніне сендірді.

Ақбөкендердің ұшалары өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, мал қорымында кәдеге жаратылды. Алайда қыркүйек айында ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталықтың мамандары адамдар мен жануарларға аса қауіпті түрлі ауруларды зерттеу үшін ақбөкендердің ұшасынан сынама алды. Осы сынамалардың нәтижелері бойынша ешқандай инфекция табылмады. Яғни ешқандай ауру, соның ішінде пастереллез анықталған жоқ, – деді БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі облыстық аумақтық инспекциясының бас маманы Арман Ізімғалиев.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Шерзат Болат

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

.

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

Төрәлі Қыдыр

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр

Тұрғын үй