Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар ашылмақ

2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің аясында елімізде 21 әкімшілік сот құрылады. Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз хатшысы Айдос Садуақасов мәлім етті.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар ашылмақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Биылғы 1 шілдеге дейін елімізде 21 әкімшілік сот (мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар) құрылады. Ол соттардың 17-сі еліміздің ірі қалаларында, яғни облыс орталықтарында құрылса, қалған төртеуі тұрғындар көп шоғырланған Қаскелең, Семей, Жазқазған және Екібастұз сияқты ірі қалаларда орналасатын болады», – деді А. Садуақасов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, әкімшілік әділет жүйесіне дайындық жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде судьяларды оқыту іс-шаралары ұйымдастырылған.

«Осы оқыту жүйесімен 500-ге тарта судья қамтылды. Сонымен қатар заңның нормаларын түсіндіріп жатырмыз. Енді азаматтардың мемлекеттік органмен немесе лауазымды тұлғамен дау туындаған кезде осындай әкімшілік соттарға жүгінетін болады. Жалпы, елімізде қазіргі кезде қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралатын болса, бұл төртінші жаңа сот ісін жүргізетін институт. Бұл институтқа сәйкес, әкімшілік іс жүргізу деген ұғым енгізіледі», – деді Айдос Садуақасов.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстан тарабы жарық сөнуіне байланысты KEGOС мәлімдемесіне жауап берді

Қазақстан

Шымкентте қызды алып қашу ісі бойынша екі күдікті қамауға алынды

Заң

​Шымкентте қымбат үй сатылып жатыр: Тоқтар Төлешовтің бұған не қатысы бар?

.

Қарағанды облысындағы дала өртінен екі адам зардап шекті

Қарағанды облысы