USD
USD
USD

Маман: Электронды темекінің зияны аз дегендер қателеседі

Темекі иммунитетті әлсіретіп, түрлі ауруға шалдықтырады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Маман: Электронды темекінің зияны аз дегендер қателеседі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 1988 жылғы 31 мамырдан бастап жыл сайын Дүниежүзілік темекіден бас тарту күні атап өтіледі.

«Темекі өкпенің қатерлі ісігі, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, демікпе, қанайналым жүйесі ауруларын: жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертония, қан тамыры ауруларын тудырады, сондай-ақ ағзаның инфекциямен күресу қабілетін төмендетіп, иммун жүйесіне кері әсер етеді. Пассивті темекі шегу де денсаулыққа зиянын тигізеді», - деп жазылған Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты таратқан хабарламада.

Дәрігер Гаухар Кожакеева вейпинг те денсаулыққа зиянды екенін атап өтті.

«Бүгінде көптеген адам электронды темекіні тартып жүр. Олардың пікірінше, бұл денсаулыққа зиянын аз тигізеді екен. Бұл – қате пікір. Алайда электронды темекінің аэрозоль құрамында никотин бар. Ол түрлі ауруға шалдықтырады», - деді маман.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2020 жылы 15 жастан және одан жоғары қазақстандықтар арасында темекі тартатындардың 28,5%-ы ер адамдар, 8,5%-ы әйелдер, ауыл тұрғындары – 19,1%, қала тұрғындары – 17,6%.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

.

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

таза

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

балта

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?

forte