USD
USD
USD

Малшыны пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

Атырау облысында малшыны пышақтап өлтірген күдікті қамауға алынды.

Малшыны пышақтап өлтірген күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөөз қызметі растады. Қанды оқиға Жылыой ауданында 26 қаңтарда болған.

«Жылыой ауданынындағы «Қара мола» қыстағында 1983 жылғы жігіт 61 жастағы малшыны түнгі сағат 02:30 шамасында тамағынан пышақтаған. Күдікті малшыны өзінің «УАЗ Патриот» автокөлігіне салып алып, белгісіз бағытқа шығып кеткен. Сол күні күдікті ұсталып, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір қамаудағы күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 3,5) тармақтарымен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті