USD
USD
USD

Мальдив аралдарынан келген қазақстандықтар 14 күн оқшауланады

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясов «Қазақстанға Мальдив аралдарынан коронавирус инфекциясы келуінің алдын алу шараларын күшейту туралы» жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мальдив аралдарынан келген қазақстандықтар 14 күн оқшауланады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары: 1) Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдарды 14 күнге үйде оқшаулауды (үй карантині) қамтамасыз етсін. Үй карантиніне оқшаулау ПТР әдісімен CОVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманың болуына және CОVID-19-ға қарғы вакцинациясының бар-жоғына қарамастан жүргізіледі; 2) Соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдарды 14 күн бойы медициналық бақылауды қамтамасыз етсін», - деп атап өтілген қаулыда. Аталған қаулы 2021 жылғы 17 мамыр сағат 00-ден бастап күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

Он ойыншымен қалған Фарер аралдарын Қазақстан құрамасы жеңе алмады

Матч

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы