USD
USD
USD

Малайзияның Қазақстандағы елшісі Түркістандағы университетке арнайы келді

Бүгін Ясауи университетіне Малайзияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мохд Адли Абдулла мен Елшінің кеңесшісі Мохд Идхам Мохлис Ахмад Замри арнайы келді.

Түркістан
Фото: Ясауи университеті

Түркістан, NEGE. Басқосуға университет ректоры Жанар Темірбекова мен ректор өкілі м.а Наджи Генч, Қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу мен Халықаралық байланыстар департаментінің басшысы Фурхат Дадажанов қатысты.

Жиын барысында университет пен Малайзияның жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық келісім-шарттарын құру мен салалық байланыстар орнату жөнінде талқылау жүрді.

Ректор Жанар Темірбекова Малайзия елшісін оқу орда төрінде қарсы алғанына қуанышты екенін айтты. Сонымен қатар, қонақтарды Ясауи университетінің білім беру жүйесінде жеткен жетістіктері мен студенттерге ұсынар мүмкіндіктері, кампустар, ботаникалық бақ пен ғылыми-зерттеу институттарының жұмысымен таныстырды.

Келесі кезекте, Мохд Адли Абдулла қонақжайлық танытқан оқу орда басшылығына ризашылығын білдірді. Университеттің бүгінгі әл-ауқаты мен мықты кадр даярлаудағы ісіне жоғары баға берді.

Іс-шара соңында Малайзияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Елшісі Мохд Адли Абдулла мен Елшінің кеңесшісі Мохд Идхам Мохлис Ахмад Замриге сый-сияпаттар табысталды.

Кездесуден соң, құрметті қонақтар «Түрік әлемінің тарихи панорамалық» және «Археология» мұражайын тамашалады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан екі халықаралық банктен 460 млрд теңгеден астам қарыз алады

ақша

Батыс Қазақстан инвестиция тартуда қандай артықшылықтарға ие?

БҚО, инвестиция

Депутаттың компаниясы Шымкентте Hilton салуға ҚДБ-дан көмек сұрады

.

Иран футболшысы ФИФА мен 2026 жылғы әлем чемпионатын ұйымдастырушыларға шағымданды

Иран футболшылары