27 Шілде 19:30
...

Малайзия СІМ: Таиланд пен Камбоджа лидерлері 28 шілдеде келіссөз өткізеді

Камбоджи
Фото: Ғаламтордан

Таиланд премьер-министрінің міндетін атқарушы Пхумтхам Вечаячай мен Камбоджа премьер-министрі Хун Манет 28 шілдеде Малайзияда кездесіп, шекарадағы қарулы қақтығысқа байланысты келіссөздер өткізеді. Бұл туралы Малайзия сыртқы істер министрі Мохамад Хасан мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

АЛМАТЫ, NEGE. Министр Bernama агенттігіне:

— «Мен Таиланд пен Камбоджа СІМ басшыларымен сөйлестім. Олар бұл мәселеге басқа елдердің араласуына қарсы және Малайзияға толық сенім артып, мені делдал болуға шақырды», — деді.

Хасанның айтуынша, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио да бұл қақтығыста делдал болуға дайын екенін білдірген.

— «Алайда, менің ойымша, әуелі АСЕАН ішкі мәселесін Малайзия шешуі керек. Себебі біз АСЕАН төрағасы ретінде осы рөлді атқаруға тиіспіз», — деп қосты ол.

Еске салайық, 28 мамырда таиландтық сарбаздар Камбоджа аумағындағы Течо Морокот елді мекеніндегі әскери бекетке оқ жаудырып, салдарынан бір камбоджалық әскери қаза тауып, бірнешеуі жарақаттанған.

24 шілдеде екі елдің шекарасында, Мамбей аймағында және Та Моан Тхом, Та Моан Тауч және Такрабей храмдары маңында жаңа қарулы қақтығыстар тіркелді. Камбоджа маусым айында осы аумақтар жөніндегі дауды БҰҰ Халықаралық сотына жіберген болатын, бірақ Таиланд бұл шешімге қарсы шықты.