USD
USD
USD

Мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Маңғыстауда мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесі мен ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторлары және патрульдік полиция ротасы қызметкерлерімен жедел-іздестіру шаралары барысында ГАЗель көлігі тоқтатылды. Тексеру барысында көлік құралының жүк салғышынан ұрланған үш қой табылып, төрт адамнан құралған қылмыстық топ құрықталды. 

Ұрланған мал жеке шаруа қожалығына тиесілі болып шықты. Әрі қарай, ұсталған күдіктілерді тергеп-тексеру нәтижесінде олардың тағы 44 қой ұрлығына қатысы бар екендігі белгілі болды. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынның жалпы көлемі 3,3 млн теңгеге жуық.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша Маңғыстау ауданы полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті