USD
USD
USD

Мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Қызылорда облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. 

Мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қылмыстық топ алты адамнан құралған. Олар 2017-2018 жылдары және биылғы жылдың шілде-тамыз айларында малдарды қолды еткен. Нәтижесінде жергілікті тұрғындардың 28 бас жылқысы мен 11 мүйізді ірі қарасын ұрлап, оларды сатып жіберген. «Мал иелері аудандық полиция бөліміне арызданды. Полиция қызметкерлері қылмысты ашу бағытында жедел жұмыстар жүргізді.

Сол іс-шара барысында күдіктілер қолға түсті. Қазір полицейлер олардың өзге де қылмыстарға қатыстылығын тексеруде. Бұл бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен және 188-1 бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Екі күдіктіге қатысты аудандық сотпен 2 айға «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Қалғанына бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспаөз қызметі. Ведомство өкілдері тұрғындар малдарды бақылаусыз қалдыратынын айтады. Сондай-ақ, полицияға кеш арызданады.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті