USD
USD
USD

Мал ұрлағандар қатаң жазаланады

ҚР Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов еліміздегі қылмыс ахуалы туралы, сондай-ақ қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру бойынша ҚР Заңының негізгі новеллалары туралы айтып берді.

Мал ұрлағандар қатаң жазаланады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған заңға ҚР Президенті 2019 жылдың 28 желтоқсанында қол қойды.

«Жаңа Заң бойынша Қылмыстық Кодекстің 188-1-бабы енгізіледі, онда мал ұрлығы үшін жазаның ең ұзақ мерзімі - 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Яғни, мал ұрлығы ауыр қылмыстар қатарына ауыстырылады, онда қайталанған қылмыстар үшін татуласу болмайды. Қылмыстық топ құрамында және аса ірі көлемде жасалған қылмыс үшін жаза күшейтіліп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді», – деді Марат Ахметжанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бас прокурор орынбасары мал ұрлығы мәселесіне Президенттің ерекше назар аударғанын жеткізді.

«Көптеген пункт бойынша мал ұрлығын ауыр қылмыс санатына жатқызуға болады. Жағдайды саралай келе, мал ұрлығының жеке кәсіпке айналғанын, оған көптеген адамдардың қатысатынын көрдік», – деді М. Ахметжанов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары