USD
USD
USD

Мал ұрыларымен күрес басталды

 Алматы облысында «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.

Мал ұрыларымен күрес басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын алу және мал ұрлығына қатысы бар тұлғаларды анықтау, сондай-ақ осыған ұқсас қылмыстардың орын алуына жағдай жасайтын себептерді жою мақсатында Алматы облысы аумағында 18 мамырдан бастап «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. Іс-шара барысында облыс аумағында осындай ұрлықтың 7 дерегі тіркеліп, олардың барлығы кезекші тәулік ішінде ашылды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары бұған дейін жасалған мал ұрлығына қатысты 12 қылмысты әшкере қылды. Қолды болған 8 бас мал табылып, заңды иелеріне қайтарлды. Мал ұрлығын кәсіп қылды деген күдікпен 20 күдікті тұлға ұсталып, 3 қылмыстық топтың жолы кесілді. Іс-шара барысында 24 ет және мал өнімдерін сату орындары тексерілді. 58 шаруа қожалығы мен қыстақтар тексеріліп, малдың қауіпсізідгін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мал және ет өнімдерін тасымалдаушылардың 6 көлігі тексерілді. Облыстық полицейлер аталған қылмыстың алдын алуға бағытталған арнайы шаралар тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті. Өз кезегінде, тәртіп сақшылары мал ұрлығын болдырмау үшін төрт түлікті қараусыз жібермеуге, мал қораларда қауіпсіздік шараларын күшейтуге, ал қолды болған жағдайда шұғыл полицияға хабар беруге кеңес берді. Өйткені, уақыт өтіп кетсе, барымташыларды анықтау қиынға түсетіні анық.

Қазір оқып жатыр

ҰҚК Астанада жоғары лауазымды полиция қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Әлия Мақаева

«Әділет» өткізген әйелдер форумында отбасы құндылығы мен әйелдер кәсіпкерлігі талқыланды

Әділет партиясы

Қонаев гарнизонында сарбаз төртінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті

Санжар Жанат

Тамызда теңге бағамына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

Ақша