USD
USD
USD

Мал дәрігерлерінің жалақысы өседі

Ветеринария саласы Қазақстанда жалақының төмен болуына байланысты жас және жоғары білікті кадрлардың тапшылығын сезініп жатыр. Бұл туралы брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов айтты.

Мал дәрігерлерінің жалақысы өседі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Ауыл шаруашылығы саласындағы жалақысы аз мамандықтардың бірі мал дәрігері екені анықталды. Бұл ретте еліміздегі мал дәрігерлерінің орташа жасы – 40-50 жас. Бұл салада жас және жоғары білікті кадрлардың жетіспейтінін байқадық. Бұған ауыр еңбек жағдайы, жалақының төмен екені, ауылдық жерлердегі инфрақұрылымның дамымағаны ықпал етіп жатыр. Осының бәрі мал дәрігері мамандығының жастар үшін тартымсыз болуына әкеліп соғады", - деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов.

Оның айтуынша, 2022 жылдың бірінші тоқсанынан бастап ветеринария мамандарының республикалық орташа жалақысы 33,4% өсті. Ал 2022 жылдың соңына қарай оны тағы 60% арттыру жоспарланып отыр.

Ол орташа айлық жалақы Қызылорда облысында 98 мың теңгеден Павлодар облысында 206 мың теңгеге дейін өзгеретінін айтты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жұмыссыз қалғандарға берілетін әлеуметтік төлем мерзімі қысқармақ

Ақша

Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй 12,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй

Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр

Ербол Махметов

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева