USD
USD
USD

Мақтааралға Алматы облысынан 260 тонналық гуманитарлық көмек келді

 Топан су басқан Мақтаарал ауданына Алматы облысынан 260 тонналық гуманитарлық көмек келіп жетті. 100 тонна азық-түлік пен 160 тонна құрылыс материалдары 15 жүк көлігіне тиелген. 

Мақтааралға Алматы облысынан 260 тонналық гуманитарлық көмек келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акциясы аясында жеткізілген көмек керуенінде азық-түлік пен гигиеналық заттар, құрылыс материалдары бар. Барлық жүктер облыстық штабтың Атакенттегі орталықтандырылған қоймасына жеткізілген. Ал, құрылыс материалдары Мырзакент кентіндегі құрылыс базасына түсірілді. Айта кетейік, көмек керуенін Алматы облыстық жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы Жомарт Қаратас пен «Nur Otan» партиясының Алматы облыстық филалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев бастап келген. Жомарт Қаратастың айтуынша, гуманитарлық көмекпен бірге тасқын болған аймаққа талдықорғандық 20 ерікті жас та жеткен.

Олар алдағы уақытта Мақтаарал ауданындағы құрылыс жұмыстарына атсалысып, түркістандық еріктілермен қоян-қолтық еңбек етеді. «Қазақ елі қашанда бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, қиын сәтте бірлікпен бір-біріне демеу бола білген халық. Еліміз осындай сын сағатты бастан кешіріп жатқан шақта Түркістан облысы Мақтаарал ауданында болған апат барша қазақстандықтарды алаңдатып отырғаны белгілі. Осы орайда Мақтаарал халқына ел болып қолдау көрсетіп, мемлекетіміздің түкпір-түкпірінен көмектер тоқтаусыз келіп жатыр. Бізде облыс әкімі Амандық Баталовтың бастамасымен Жетісу жұртшылығының аманатын арқалап келіп отырмыз. Бұл көмек керуеніне киелі өңіріміздің кәсіпкерлері мен демеушілері және еріктілер өз үлестерін қосты», - дейді Жанболат Жөргенбаев. Жетісу жұртшылығы жіберген 260 тонна жүктің ішінде 18 тонна ұн мен 7 тонна күріш, 3 630 литр сұйық май мен 6 тонна макарон және басқа да азық-түліктер бар. Сондай-ақ, 6 мың шаршы метр құрылыс ағашы мен 100 тонна цемент, 20 мың дана кірпіш пен 90 қап құрылыс қоспасы, 15 тонна гипсокартон мен 10 тонна құрғақ қоспасы бар.

Қазір оқып жатыр

Сайлау күні онлайн-сервистер жұмыс істейді

сайлау

Тоқаев Қытай мен Еуропа арасында «алтын көпір» болатын жол құрылысын бастап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Астанадағы танымал мейрамхана дауына қатысты полиция мәлімдеме жасады

мейрамхана

Қазақстанда аптап ыстықтан отыздай адам қайтыс болды

күн өту