USD
USD
USD

Мақтааралдықтарға Усмановтың қорынан 1 мың АҚШ долларынан беріліп жатыр

Тасқыннан зардап шеккен мақтааралдықтарға Әлішер Усмановтың қорынан бөлінген қаражат беріле бастады. Төтенше жағдай кезінде эвакуацияланған 5202 отбасының жеке шотына 1 мың АҚШ долларынан аударылуда.

Мақтааралдықтарға Усмановтың қорынан 1 мың АҚШ долларынан беріліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгінде эвакуацияланған мақтааралдықтардың алғашқы легі қаражатының сертификатын алды. Ауданда қаражат алатын барлық азаматтың құжаты қабылданып жатыр. Құжаттар толық жиналған кезде әрбір отбасы өзіне тиесілі қаржыға қол жеткізбек. «Мемлекет басшысының тапсырмасымен тасқын болған ауылдардағы 6100 адамға 100 мың теңгеден беріп жатырмыз. Төтенше жағдай кезінде тек су басқан ауылдар емес, қауіп төнген елдімекен тұрғындары да көшірілді. Ендігі кезде Әлішер Усмановтың қорынан бөлінген 2,3 млрд теңге эвакуацияланған 5202 отбасына 422 мың теңгеден (1000 АҚШ доллары) үлестіріледі. Бұл отбасыларда 30 420 адам бар»,- деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев. Айта кетейік, бұған дейін ресейлік кәсіпкер Әлішер Усманов су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының эвакуацияланған тұрғындары үшін «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорына 5,2 млн АҚШ долларын аударған болатын.

 

Қазір оқып жатыр

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді

.

БҚО-да оқушылар мінген автобус жол апатына түсті

Мектеп автобусы

Прокурор Жақсылық Омарды 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Жақсылық Омар

«Болашақ» бағдарламасы тізімінен Бостон университеті алынып тасталды

Министр