2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Мақтааралда бес елді мекенде жағдай тұрақталды

Мақтаарал ауданының 10 елді мекені қауіпті аймақта орналасқан. Оның 5-уі, яғни Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдары су астында қалса, қалған 5 елді мекен - облыс әкімдігі, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, ҚазСУШар және ауыл тұрғындарынан құралған волонтерлердің көмегімен су басу қаупінен шығарылды. 

Мақтааралда бес елді мекенде жағдай тұрақталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өңірлік коммуникация қызметінің алаңында мәлімдеді. Журналистерге брифинг өткізген облыс әкімінің орынбасары Мақтаарал ауданында су басу қаупі бар елдімекендер айналасына бөгеттер тұрғызылғанын жеткізді.

Ата айтқанда, Нұрлы жол елдімекені аумағында ұзындығы 2,5 метр, биіктігі 1,5 метр болатын бөгет соғылды. Фирдоуси елді мекенінен Мырзакент елді мекеніне қарай 3 коллектор орналастырылды. Өргебас елді мекенінің аумағында ұзындығы 20 метр, биіктігі 1 метр. болатын бөгет жасалса, Ырысты елді мекенінде биіктігі 0,5 метр, ұзындығы 40 метр бөгет соғылды.

Сондай-ақ, Жантақсай елді мекенінің маңынан ұзындығы 800 метр болатын бөгет тұрғызылғаны айтылады.

Еске салайық, Өзбекстанда 1 мамырда болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Әскерилер қазасы: оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Қылмыстық іс

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур