USD
USD
USD

Мақтааралда әйел ауласына сора еккен

Мақтааралда үйінің ауласына сора еккен әйел анықталды, – деп хабарлады Polisia.kz

Мақтааралда әйел ауласына сора еккен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. “Қарасора-2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, есірткі затын өсіру, баптау, тасымалдаумен айналысушаларды анықтау, жолын кесу мақсатында жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізуде. Осы аралықта полицияға мақтааралдық тұрғынның бірі өз ауласына есірткі өсіретіндігі туралы хабарлама келіп түскен.  Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп өсіру) бойынша тіркеуге алды.

Ақпаратты растау негізінде Түркістан облысы ПД-ның әуеге ұшатын камерасы (дрон) алынды. Аталмыш құрылғымен Мақтаарал ауданына қарасты елдімекендер мен Сырдария өзенінің жағалаулары, тоғайлы және егістік алқаптарында тексеру жұмыстары тыңғылықты жүргізілді. Соның нәтижесінде полицейлер ауласында есірткі егілген үйді анықтады. Күдікті орта жастағы әйелдің ауласына тінту жүргізу барысында 3 түп есірткіге ұқсас өсімдік айғақты зат ретінде алып, сараптамаға жолданды. Нәтижесінде алынған зат сора есірткісі болып шықты. Қазіргі таңда сезікті жалғызбасты әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев