USD
USD
USD

Мақтааралда 21 шақырым жерге уақытша дамба тұрғызылды

Түркістанда су басқан Нұрлы жол, Ырысты, Жаңа тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас және Жантақсай ауылдарынан 1 млн м3 су сорылды. Бұл турады ТЖК хабарлайды. Ауылдарда жалпы ұзындығы 21 шақырымдық уақытша дамбылар тұрғызылды.

Мақтааралда 21 шақырым жерге уақытша дамба тұрғызылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сондай-ақ 85 мың қап төселіп, суды ағызу үшін 3 коллектор орнатылды. Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы, Апаттар медицина орталығы, Полиция бөлімі, Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен активтерінен құралған 1574 адам, 280 техника, 15 жүзу құралдары, 160 мотосорғыш тәулік бойы жұмысын жалғастыруда. Жұмыстарға ұйымдар мен еріктілер де тартылды. 37 қызметкерден және 34 техникадан, жүзу құралдарынан, мотосорғыларынан тұратын Нұр-Сұлтан қаласының және Қарағанды облысының төтенше жағдайларының қосымша күштері мен құралдары жіберілді. Су басқан 5 елді мекен аумағында халықтың жеке заттарын, құжаттары мен мүлкін эвакуациялау, үй жануарларын құтқару және патрульдеу жұмыстары жалғасуда. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Жантақсай ауылдарында 4 блокпост қойылды.

Қазір оқып жатыр

150 тоннадан астам жанар-жағармайды Қазақстан шекарасынан заңсыз өткізбек болған

Бензин, дизель

Қазақстандықтар мен бизнес бір айда банктерге шамамен 1,8 трлн теңге әкелді

Ақша

Димаш Құдайберген жаңа клипі шыққаннан кейін айтылған сынға жауап берді

Димаш Құдайберген

«Грекияда 125 жылға сотталды»: Ақтөбелік ана СІМ-нен көмек сұрады

.