2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Мақтааралда 1 млн текше метрден астам су сорылды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында ТЖ салдарын жою жұмыстарының барысы туралы мәлімет. «Жедел штабтың шешімі бойынша 7 мамырда ҚР ІІМ ТЖ комитетінің барша күші елді мекенді судан құрғату үшін Өргебас ауылына бағытталды.

Мақтааралда 1 млн текше метрден астам су сорылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Су басқан елді мекендерде жиналған су Өргебас ауылы төңірегіне қарай ағылуда. Сондықтан жасақ күштері мен жабдықтарды аталған ауылға қарай көшіру шешімі қабылданды. Қазіргі уақытта насостар арқылы 1 млн текше метрден астам су шығарылды», - делінген ҚР ІІМ ТЖ комитеті мәліметінде. Сонымен қатар бұл жұмыстарға Өзбекстан құтқарушылары да жұмылдырылған. Нұрлы жол, Жаңатұрмыс, Жеңіс, Достық ауылдарында ІІМ күшімен судан құрғату, сондай-ақ жеке заттарды, құжаттар мен мүлікті эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр.

ТЖ салдарын жою шараларына құтқарушылар, әскери қызметшілер, полицейлер, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен волонтерлар жұмылдырылған. Жалпы 1300 адам, 220 техника, 15 жүзу құрылғысы мен 46 мотопомпа тартылды. Бұдан бөлек, апаттық-құтқару жұмыстарына 205 адам, 38 техника мен 85 мотопомпа алып келген Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымы қатысуда. 7 мамыр таңертең төтенше жағдай салдарын жою шараларына Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы ТЖ департаменттерінің қосымша күштері жолға шықты.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілердің қазасы: 30-дан астам адамнан жауап алынды, күдіктілер бар

Адам ұрлау

Нұрсұлтан Назарбаев сарбаздар қазасына байланысты көңіл айтты

Назарбаев

Тоқаев Путинге жауап берді

Халық Кеңесі

Өзбекстан энергетика жүйесіндегі ақаудан Қазақстанның кей өңірі уақытша жарықсыз қалды

Электр жарығы