USD
USD
USD

Мақтаарал ауданында жаңа ықшамауданның құрылысы басталды

Су тасқыны болған Мақтаарал ауданында жаңа ықшамауданның құрылыс жұмыстары басталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді.

Мақтаарал ауданында жаңа ықшамауданның құрылысы басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыс әкімінің орынбасары өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында құрылыс жұмыстарының барысын көрсетіп, қысқаша түсіндіріп өткен. «Менің артқы жағымда жүк көліктері мен ауыр техника жұмыс істеуде. Жерді тегістеу жұмыстары жасалып жатыр. Мырзакент кентінің жанынан жаңа ықшамауданның құрылысын салу жұмыстарына дайындық шаралары жүргізілуде. Мұнда су тасқыны болған Достық, Жеңіс және Жаңа тұрмыс елді мекендерінен 500-ге тарта отбасы қоныстанатын болады. Сондай-ақ, бұл жерге жаңа мектептің, балабақшаның және фельдшерлік-акушерлік пункттің ғимараты бой көтереді. Құрылыс жұмыстары тамыз айына дейін жүргізіліп, тапсырылатын болады», - деді Сәкен Қалқаманов.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық қордың 25 жылы: бюджетке алынғаны 205 млрд доллар, қоржында қалғаны 79 млрд доллар

.

Салмақты тәсіл: тарифтік саясат қалай дамиды?

коммуналдық тарифтер

АҚШ-та білім алатын қазақстандықтар саны сиреген

Білім

Қазақстан терроризм индексінде ең қауіпсіз елдер қатарына кірді

террор