Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мақтаарал ауданында 115 үй салынды

Су тасқыны болған Мақтаарал ауданында төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстары тынымсыз жүргізіліп, жаңадан салынып жатқан ықшамаудандағы 115 үйдің құрылысы толық аяқталды. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен апталық лездемеде айтылды. 

Мақтаарал ауданында 115 үй салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жиында баяндама жасаған облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпалиев Мақтаарал ауданында 386 үйдің қабырғасы қаланғанын атап өтті.

Сондай-ақ, баспаналардың басым бөлігінің шатыры жабылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

құрылыс алаңында 29 мердігер мекеме мен 1400 жұмысшы, 87 арнайы техника құрылыс-монтаж жұмыстарына тартылғанын айтып өтті. Мырзакенттегі жаңа тұрғын ауданда 1200 орындық мектеп пен 280 орындық балабақша және дәрігерлік амбулатория мен полициялық участок құрылысы жүргізіліп жатқанын баяндады. Мұнымен қатар, Фердауси ауылынан дәрігерлік амбулатория мен полиция бекеті, Өргебас ауылынан фельдшерлік-акушерлік пункт пен полициялық бекет салынып жатқанына тоқталды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда аукцион өткізу тәртібі өзгертілмек: кепілдік жарна құны қымбаттайды

Аукцион

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды: 75 мыңнан астам талапкер тегін білім алады

мемлекеттік білім гранты

Ұлттық валютаны инфляция қарқынының баяулауы қолдап отыр – сарапшылар

теңге бағамы

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс сотқа жолданды

Ұлдана Мырзуан