USD
USD
USD

Максим Батютенко Аустралия ашық чемпионатын сәтті бастады

Қазақстандық Максим Батютенко Аустралия ашық чемпионатының жасөспірімдер турнирін сәтті бастады.

 Максим Батютенко Аустралия ашық чемпионатын сәтті бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Теміртау қаласының 16 жасар түлегі бастапқы кездесуін ұлыбританиялық, 17-дегі Мэттью Ранкинмен өткізді.

Қазақстандық теннисші бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. М.Батютенко екінші айналымда франциялық Артур Хеа немесе литвалық Эдас Бутвиластың біреуімен кездеседі.

Сондай-ақ бүгін қыздар арасында Аружан Сағындықова жарыстың 8-ракеткасы, бельгиялық Софья Костуласпен кортқа шығады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Андрей Голубев аралас сында екінші айналымға, Анна Данилина ширек финалға шықты.

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар