USD
USD
USD

Мақсат Жақау, саясаттанушы: Латын әліпбиін кімге қалдырамыз?

Cаясаттанушы Мақсат Жақаудың пікірінше, қазақтың төл әліпбиі ұлт үшін қызметі, болашаққа іргелі бастамаларымен жетуі тиіс. 

Мақсат Жақау, саясаттанушы: Латын әліпбиін кімге қалдырамыз?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ең өкініштісі, расымен қанша әліппиімізді еншілеп, ұрпаққа қалдырамыз десек те, сол ұрпақтың бүгінгі тілдік күйі алашұбарланып, слэнгтер қосылып, мазмұнсыз қалып, орысша араласып жатуы алаңдататын дүние. Сонда латын қаріптерін кімге қалдырамыз, жалғастырушы буын дайын ба деген заңды сауал туындайды.
Бұл ретте қоғамдағы ата-ананың да үлкен жауапкершілігі бар.

Егер балаға орысша сөйлеуді бастаса, күнделікті қарым-қатынаста ана тілінің қолданысын еріксіз азайтса, кімге ренжіп жүрміз. Бәріне жауапты да, кінәлі де өзіміз. Баланы тек мемлекет тәрбиелейді десек, бұл жауапкершіліктен мүлдем мақрұмның сөзі болмақ.

Осы және бұдан да көп ана тілінің айналасындағы мәселелер ел басшысынан бастап, қарапайым азаматқа дейінгі толғандыратын тақырыптар. Бастысы ниет түзу, осыдан айнымау керек.Қазақтың төл әліпбиі ұлт үшін қызметі, болашаққа іргелі бастамаларымен жетуі абзал», - деді Мақсат Жақау.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала