USD
USD
USD

Мақсат Исағабылов «Қазақстан барысы» атанды

Бүгін елордада өткен республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде қызылордалық Мақсат Исағабылов чемпион атанды.

Мақсат Исағабылов «Қазақстан барысы» атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол финалда маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповпен кездесті. Нәтижесінде Мақсат қарсыласын жеңіп, биылғы турнирдің жеңімпазы атанды.

Мақсат Исағабылов 1994 жылдың 17 қарашасында Қызылорда облысында дүниеге келген. Бойы 184 сантиметр болса, салмағы 120 келі. Бұған дейін қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған. Оған 25 миллион теңге ақшалай сыйлық, алтын белбеу және алтыннан құйылған «тайтұяқ» берілді.

Ал екінші орын иегері Нұрдәулет Жарылғаповқа 5,5 миллион теңге мен күміс белбеуге қол жеткізді. Турнир барысында қола жүлдеге жамбылдық Ғалымжан Қырықбаев қол созып, 1,8 миллион теңге мен қола белбеуге ие болды.

Қазір оқып жатыр

Назарбаев зияткерлік мектептеріне оқушы қабылдау саны қысқармайды – министр

қымбат сыйлық

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің әкесі жаңа тау-кен холдингін құрды

Махмұд Қасымбек

Қырғызстандағы «Бішкек-Арена» стадионын салуға 386 млн доллар жұмсалған

стадион құны

Қызылордадағы шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

мұнай өңдеу зауытындағы өрт