Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Макс Боқаев Тоқтар Төлешов жылап тұрып кешірім сұрағанын айтты

Боқаевтың сөзінше, ол түрмеден қоңырау соққан.

Макс Боқаев
Фото: Tengrinews.kz

Алматы, NEGE. 2016 жылы Жер митингісінен кейін бес жылға сотталған белсенді Макс Боқаев ARA media YouTube арнасына берген сұхбатында кезінде «Сыра королі» атанған олигарх - атышулы Тоқтар Төлешов өздерінен жылап тұрып кешірім сұрағанын айтты. 

Боқаевтың сөзінше, ол түрмеден қоңырау соққан.

Тоқтар Төлешов қысым көрген. 2022 жылдың аяғында түрмеде жатқан Тоқтар Төлешов маған және Талғатқа (Аянға – ред.) телефон соғады. Сондағы таксафоннан. Номері де бөлек қой. Бірге отырған жігіттер іздеп жатқан шығар деп ойладым. Бірақ жиналыста отыр едім, тұтқаны көтере алмадым. Кейін қайта хабарласар дедім. Сол күні кешке қарай маған Талғат келіп-кетті. «Мәке, Төлешов телефон соқты» дейді. Бір сағаттай сөйлесіпті. «Жігіттер, айып етпеңдер, сендерге жала жаптым» деп жылап айтыпты.

Бірінші әйелінен тұңғыш баласын сол кезде шамамен 22-23 жастағы жігіт, соны қамап тастаймыз деп қорқытыпты. Содан кейін бізге жала жабуға мәжбүр болғанын айтқан, - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық