Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Макрон вирус жұқтырды

Франция президенті вирус жұқтырды.

Макрон вирус жұқтырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «42 жастағы Макрон бойында індет белгілері байқалған соң коронавирусқа тест тапсырды. Енді ол жеті күнге оқшауланады» делінген Елисей сарайының мәлімдемесінде.

Ресми тұлғалардың бірі Макронның ел басқару ісінен қол үзбей, қашықтан жұмыс істей беретінін хабарлады.

Осы аптада Францияда түнгі уақытта ешкім бейсауат жүріп-тұрмас үшін комменданттық сағат енгізілген болатын. Ел президентінің қауіпті індетті қайдан, қалай жұқтырғаны әзірге беймәлім.

Дегенмен оның әкімшілігі Макронның соңғы уақытта кіммен байланыс жасағанын, кіммен сөйлесіп, кездескенін анықтап жатыр.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне сенсек, эпидемия басталғалы бері Францияда екі миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған. 59 400 адам осы індеттен көз жұмды.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық