Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Макрон Украинамен шекаралас елдерге аттанды

 Франция президенті Эммануэль Макрон Украинамен шекаралас елдерге сапарын бастады.

Макрон Украинамен шекаралас елдерге аттанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол ең алдымен Румынияға табан тіреді, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл жақта Эммануэль НАТО миссиясының аясында қызмет етіп жатқан француз және бельгиялық сарбаздармен кездесті. Бүгін ол Молдовоға барады. Журналистердің «Франция президенті Украинаға бара ма?» деген сұрағына үкімет өкілі «бұл мәселе жан-жақты қаралып жатыр» деп жауап берген. Эммануэльдің өзі осы сапарға аттанар алдында француз халқына айрықша өтініш жасады.

Эммануэль Макрон, Франция президенті:

– Құрметті отандастарым, бірнеше ай бұрын әскери қызметке аттанған француз сарбаздарына қолдау көрсету үшін жолға шықтым. Франция Еуроодақтың шығыс бөлігін қорғау және Украинадағы соғысты тоқтату үшін барын салуда. Украинадағы соғыс геосаяси жағынан хаос тудырды. Қазір әлемдік экономика мен азық-түлік саласында аласапыран болып жатыр. Бізді ауыр күндер күтіп тұр. Маған осы жексенбіде өтетін парламент сайлауының екінші кезеңінде үлкен күш беріңіздер деп өтінемін. 

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық