USD
USD
USD

Мақпал Жүнісова: «Қытайға байға шығып кеткендей болдық қой»

Әнші Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында қалың көпшілікке ренішін білдірді.

Мақпал Жүнісова: «Қытайға байға шығып кеткендей болдық қой»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өзін «Заманбекті сатып кетті» деп кінәлағандарға Мұқағалидың өлеңіне жазылған әнмен жауап беруді шешіпті.

«Қазір енді мені қаралаған, маған қара жаққысы келетін, Зәкеңді сатып кеткен сатқын деп бүкіл интернетті шулатып жатқан өзіміздің қазақ ағайындарға Мұқағалидың өлеңін жеткізгім келеді. Әркімге бір жабыстырып, Қытайға байға шығып кеткендей болдық қой. Осы елге қызмет етіп жүргенімізге, Отанымыз деп жырлап жүргенімізге 40 жыл болыпты. Аллаға шүкір деймін жалпы. Сондықтан да әркімнің өз таңдауы болады. Менің қызым да өз таңдауын жасады. Бірінші рет сайлауға барды. Мені қалай қараласаңдар да, сіздерде ютубқа салу деген, адамды мазақ қылу деген, қаралау деген түкке тұрмайтын болды ғой. Аллаға тапсырдым сіздерді. Өзімнің арым таза екенін білемін. Зәкеңнің түтінін түтетіп отырғаныма 15 жыл болды. Қызымды өсірдім, Аллаға шүкір! Ешкімге қолымды жайған жоқпын», – деді Мақпал Жүнісова.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

.

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

.

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

эвтаназиялау