Мақпал Исабекованың анасы өзінің ұйғыр екенін елге айтпауын өтінген
Бұл туралы "Честно говоря" бағдарламасында айтылды.
Алматы, NEGE. Мақпал Исабекова біршама үзілістен соң қайта экранға шықты. Жаны тыныштықты қалаған әнші өзіндегі өзгерістерді айтты. Отбасы мен шығармашылығы, жеке ой-толғамдарын жеткізді.
"Мен әкемді өзім есейгенде түсіне бастадым. Ол алдымен адам. Екіншіден, ер азамат. Үшіншіден, күйеу. Төртіншіден, әке. Оның үстіне шығармашылық жан. Мен оны түсінбедім. Өкпем болды. Бірақ ол дұрыс емес екен. Анам екеуі бізге бәрін берді. Алматыдан туған жеріме қайтып барғанда анам өзінің ұйғыр екенін көпшілікке айтпай-ақ қоюын сұрады. Маған кедергісі тиіп кетпесін дегені ғой. "Не үшін айтпаймын, айтамын" дедім. Онда тұрған не бар? Анам ұйғыр ұлтының өкілі. Жаркентте ұйғырлар көп. Қазақтар да көп. Онда ешкім-ешкімді бөлмейді", - деді Мақпал.
Исабекованың айтуынша, анасының ұйғыр болғаны үшін ешқандай кемсітушіліктерге ұрынбағанын айтады. Есесіне 4 жыл Мәскеуде оқығанда мұндай кедергілер болған екен.
"Мәскеуде оқып жүргенде ондай кемсітушілктер көп болды. Тіпті сол үшін курстастарыммен ұрысып қалған кездер болған. Ал елімізде ондай болған емес", -деді ол.
Мақпал Исабекова өзінің көзқарасын өзгертіп, қарапайым болуға тырысып жүргенін айтты.